ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Достық үйінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі жолдауын жүзеге асыру туралы жиын өтті. Еске сала кетейік 2025 жылдың 8 қыркүйегі күні Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы жарияланған болатын. Мекеме басшысы Мубарак Жинақбаева және этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен өткен жиында жолдауда айтылған елдің даму стратегиясының жаңа кезеңдері, соның ішінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру, цифрландыруды жеделдету және саяси жүйені жаңғырту мәселелері туралы ой қозғап, ҚХА аймақтық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары, республикалық дүнген этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесі төрайымы Сара Даузова берілген тапсырмаға сай атқаруға тиіс жұмыстардың ауқымы кең екенін алға тартты. Жиынға қатысушылар Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктері Жолдаудағы бастамаларды қолдай отырып, оларды тиімді жүзеге асыруға дайын екендерін айтып, Президент Жолдауын басшылыққа алып, алдағы жұмыста жауапкершілік пен талапты күшейтіп, өңірдің тұрақтылығы мен келісімін, бірлігін қамтамасыз етуге баса назар аударатындарын жеткізді. Жиын соңы бірлестік өкілдерінің Жолдауға сай атқаруға тиіс жұмыс жүйесін құрумен аяқталды.

АСТАНАДА ҚХА 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕДИАФОРУМ ӨТУДЕ

Елордамыз Астана қаласында «Қазмедиа» орталығында ҚХА Журналистер

клубының Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған
«Заманауи медиакеңістіктегі этножурналистика: үдерістері мен даму
бағдары» атты медиафорум өтуде.
Оған ҚХА Журналистер клубының мүшелері, этноБАҚ өкілдері, өңірлік
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметкерлері, медиа сарапшылар,
журналистер, медиа менеджерлер мен блогерлер қатысты. Келелі басқосудың
негізгі мақсаты – медиасала өкілдері мен баспасөз қызметкерлерін біріктіру,
мемлекеттік саясатты этносаралық салада тиімді іске асыру және ҚХА
қызметін ақпараттық жариялау үшін ақпараттық жұмысты ұйымдастырудың
дағдылары мен құралдарын үйрету.
Медиафорумның бастауында қатысушылар «Қазмедиа» орталығына
экскурсияжасады.
Ұйымдастырушылар өңірлерден келген
этножурналистерге орталықтың жұмысын, ұлттық каналдардың ақпарат
тарату алаңдарының тәжірибесін насихаттады. Жиын қатысушылары жақсы
ақпарат алып қана қоймай, өзара ой бөлісіп, әріптестік тәжірибе алмасты.
Ал медиафорумның шымылдығын ҚР Парламенті Сенатының депутаты,
ҚХА Журналистер клубының төрағасы Әлішер Сатвалдиев ашып, клуб
жұмысының мақсат-міндеттерімен таныстырды. Жиын модераторлары
Журналистер клубының жұмысын жандандыру, шынайы ақпарат тарату,
мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және де басқа да ақпарат алаңында
кездесетін жағымды және жағымсыз ақпараттарды сүзгіден өткізіп барып
жариялау жайлы сөз етті. ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығы
меңгерушісінің орынбасары Анастасия Шегорцова мен ҚР Парламенті
Сенатының депутаты, «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» ҚХА
жобасының жетекшісі журналистер клубының жұмысын жандандыру, қазақ
тілі қолданыс аясын кеңейту жайында сөз қозғады. Ал ҚР Парламенті
Сенатының депутаты, Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары,
«Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президентінің орынбасары
«Бас редакторлар клубы» ҚБ жетекшісі Бибігүл Жексенбай әлі де
журналистер клубының жұмысы өз деңгейінде жүргізілмей келе жатқанын
айтты. Әсіресе отандық ақпарат құралдарында сілтемелердің орналастыруы
кенже қалып отырғанын да жасырмады. Сондай-ақ журналистер клубы
көтерген мәселелелер қоғамдық бірлестік назарынан тыс қалмай,
журналистердің құқықтары заң аясында қорғалып, олардың көтерген
шынайы ақпараты өз нәтижесін беруде екенін жеткізді. Мемлекет басшысы
Ұлттық құрылтайда көтергеніндей мемлекеттік тілдің, ұлтаралық
ынтымақтың артып отырғанын да назарынан қалдырмады. Одан кейін сөз
алған модераторлар мемлекеттік саясатты этносаралық салада тиімді іске
асыру жайына тоқталып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында әр өңірден келген БАҚ өкілдеріне сертификат табысталды.

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Тараз қаласындағы Достық үйінде
мазмұны ерекше, тағылымы мол шара – «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт»
республикалық жобасының «Азамат тәрбиелеген отбасы» бағыты бойынша
салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Аталған іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан «Отбасы күніне»
орай ұйымдастырылып, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, көп жыл бірге
ғұмыр кешіп, бала тәрбиесінде өнеге болған жанұяларды ұлықтауды мақсат
етті.
Жоба аясында үш негізгі номинация бойынша әр аудан мен қаладан
іріктелген, өмір жолы мен ұрпақ тәрбиесіндегі үлгісі арқылы елге танылған
отбасылар марапатталды.
Сонымен 50-60 аралығыда бірге өмір сүрген «Алтын шаңырақты» отбасылар
қатарында Сарысу ауданынан Есмахан Амангелді мен Балкүл Шадарбек,
Т.Рысқұлов ауданынан Жолдас Рахишев пен Орынбала Алдиярова, Байзақ
ауданынан Исмаил Мансуров пен Сейдимкүл Мансурова, Жуалы ауданынан
Жақсылық Әбілдаев мен Қатира Белгібаева, Тараз қаласынан Жаңабай
Миллионов пен Гүлбағира Жақсыбаевалар марапатталды.
Ал, 25 жылдық отбасылық өмірді артта қалдырған «Күміс керегелі»
жанұялар қатарында Талас ауданынан Сулхадин Мустафаев пен Дильбара
Мустафаева, Мойынқұм ауданынан Абылай Жылқыбаев пен Гүлмира
Елеусинова, Жамбыл ауданынан
Асет Сүлейменов пен Ақбота
Смағанбетовалар марапатталды.
Сондай-ақ, «Еліне елеулі азамат тәрбиелеген отбасы» номинациясы бойынша
марапатталғандар Меркі ауданы
Жалғас Акимбекова мен Айнұр
Акимбекова, Тараз қаласы Сабит Смағанбетов пен Айгүл Дүнбаева болды.
Бұл жанұялар – елге адал қызмет етіп жүрген, қоғамға пайдасын тигізіп
жүрген азаматтарды тәрбиелеп өсірген өнегелі шаңырақ иелері. Олардың
балалары мемлекеттің түрлі салаларында табысты еңбек етіп, Отанға деген
сүйіспеншіліктің нақты көрінісін көрсетуде.
Іс-шара барысында қатысушы отбасыларға дипломдар мен естелік
сыйлықтар табыс етілді. Олардың отбасылық құндылықтарды сақтауға,
дамытуға және жас ұрпаққа үлгі боларлық өмір сүру дағдыларын
қалыптастыру жолындағы еңбегі ерекше атап өтілді.
«Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясындағы бұл бастама —
ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды ұлықтауға, отбасылық
дәстүрлерді жаңғыртуға бағытталған маңызды жоба ретінде бағаланды.
Мұндай тағылымды шаралар арқылы қоғамда береке мен бірлікке
негізделген отбасылық құндылықтар кеңінен насихатталып, болашақ ұрпаққа
өнеге болары анық.

«ТАЗА ОРТА – ТАЗА БОЛАШАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ

Отбасы күніне арналған апталық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 13 қыркүйек
күні «Таза орта – таза болашақ» атты экологиялық акция өткізілді. Акция
«Салауатты сана» және «Барыңды бағала» жобалары аясында ҚХА Аналар
кеңесінің ұйымдастыруымен өтті.
Іс-шара барысында Тараз қаласындағы ұлы ойшыл, ақын Абай
Құнанбайұлының ескерткіші орналасқан аумақта абаттандыру және тазалық
жұмыстары жүргізілді. Акцияға өзбек, дүнген, поляк Аналар кеңесінің
төрағалары мен мүшелері,«Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының
қызметкерлері, сондай-ақ М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің
студенттері белсенді түрде қатысты.
Қатысушылар ескерткіштің айналасын қоқыстан тазартып, көгалдандыру
жұмыстарына атсалысты. Облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы
Эльмира Мырза-Ғали сөз сөйлеп, акцияның маңыздылығын атап өтіп,
қоғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салды.
Сонымен қатар студенттер Абай Құнанбайұлының өлең-жырларын оқып, өз
өнерлерін көрсетті. Атап айтқанда, М.Х. Дулати атындағы Тараз
университетінің «Мәдениет және өнер» факультетінің 2-курс студенті
Жандос Үсен Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңінен
үзінді оқып, көпшіліктің көңілінен шықты. Аналар кеңесінің мүшелері
жастарға үлгі-өнеге ретінде Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тамылжыта
орындап, шараға ерекше мән берді.
Іс-шара соңында ҚХА аймақтық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары,
республикалық дүнген этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесі төрайымы
Сара Дузова жастарға жүрек жарды тілегін айтып, ақ батасын берді.
Бұл акция қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастырумен қатар,
өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезім мен ұлттық құндылықтарға
құрметті сіңіруге бағытталды.

АЙМАҚТЫҚ КОУЧИНГ: ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БІРЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2025 жылдың 12 қыркүйегінде Жамбыл облысы әкімдігі ақпарат және
қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-
сараптамалық қолдау бөлімінің ұйымдастыруымен Талас ауданы, Қаратау
қаласында «Мемлекеттік саясаттың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық
бірлік саласындағы қазіргі жай-күйі: өңірлік даму ерекшеліктері»
тақырыбында аймақтық коучинг өткізілді.
Іс-шара барысында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
«Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, психология
ғылымдарының магистрі Айгүл Абдрахманова «Лудомания – XXI ғасыр
дерті», сондай-ақ педагогика және психология магистрі Айнұр Берденова
«Қарым-қатынасты дұрыс қалыптастырудың психологиялық негізі»
тақырыптарында семинар-тренингтер өткізді.
Аталған іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер,этномәдени бірлестік өкілдері,
жастар және ауыл тұрғындары қатысып, жалпы саны- 60 адам қамтылды.
Коучинг соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға спикерлер
мен тренерлер тарапынан тиісті жауаптар беріліп, іс-шара жұмыстың
қорытындылануымен аяқталды.

ТІЛ МЕҢГЕРУДІҢ ТҮРЛІ МЕТОДИКАСЫ ТАЛДАНДЫ

«Тілдерді оқытудағы инновациялық және интерактивті әдіс-тәсілдер»
тақырыбында бүгін Достық үйінде республикалық семинар өтті.
Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткен семинар қазақ тілін
оқытудың жаңа, инновациялық әдістерін ұсыну, сонымен қатар қазақ тілі
мұғалімдері мен әдіскерлерінің біліктілігін арттыруды көздейді.
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтің алғыс сөзімен
ашылған семинар жұмысы барысында тіл меңгерудегі жаңа әрі тың
мүмкіндіктер, олардың құндылықтарын арттыру, тілдің цифрлық әлеуетін
арттыратын ЖИ жобалар туралы тағы басқа да түрлі баяндамалар жасалды.
Баяндамашылар арасында «Этностардың мемлекеттік тілді меңгеруі» туралы
сөйлеген «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева
этносаралық қатынас тілі – мемлекеттік тіл турасында жүзеге асып жатқан
жобаларға кеңінен тоқталды. Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 2026
жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес жыл сайын тұрақты түрде
мемлекеттік тіл бойынша «Мың бала» ғылыми-ағартушылық жобасы,
«Мәміле» пікірталас клубы, «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» ашық алаңы
жобалары жергілікті этнос өкілдерінің тіл меңгеруде жоғары көрсеткіш
көрсеткен.
Нәтижесінде «Мың бала» жобасы негізінде жыл сайын тұрақты түрде
«Қоғамдық келісім» мекемесі мен облыстық білім басқармасымен бірлесе
150-ге жуық ұстаз этностарға қазақ тілін оқыту бойынша инновациялық
әдістемелерді қолдана отырып, үздік оқыту методикасы және
технологияларын көпшілікке таныта білді. «Мәміле» клубы бойынша отбасы,
туыстық қатынастар, еліміздің әдебиеті мен тарихы, тарихи тұлғалар, ұлттық
аспаптар мен музыка, ұлттық-мемлекеттік мерекелеріміз, қоғамдағы
жастардың мәселелері тақырыптарында клуб отырыстары өткізіліп,
мәдениеттанушы, тарихшы, тілдің кәсіби оқытушылары, креативті, белсенді
спикерлер тартылған.
Ал, «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» ашық алаңында мемлекеттік тілді еркін
меңгеру арқылы қызметтік жетістікке жеткен, көпшілік алдында еркін сөйлей
алатын 1100 адамнан реестр жасалып, оның ішінен 71 адамнан спикерлер
пулы қалыптастырылған.
«Қоғамдық келісім» КММ мемлекеттік тілді меңгеруде этностармен бұдан
өзге де түрлі жобаларды жүйелі жүзеге асыруда.
Екі бөлімнен тұратын тіл меңгерудің түрлі методикасын талдаған жиын ары
қарай тәжірибелік кезеңде өз жалғасын тапты.

ЖҰМЫСШЫ – МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

«Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «ҚХА. Парламент. Мәслихаттар» тапсырмасы, «2025 – Жұмысшы мамандықтар жылы» және «Еңбек күні» күніне сәйкес тамыздың 29 күні «Өндірістік-сауда «LL» компания ЖК өндірістік ұжымымен кездесу өтті.
Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің «КӘСІПday» жобасын ілгертеуде жастарды өңірдегі түрлі кәсіпорындар мен өндіріс орындарын таныстыру көзделген жиынға аймақтық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, өңірлік ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейлхан, облыстық мәслихатының депутаты, «Бірлік» депутаттық тобының жетекшісі Жанат Бастаубаева, облыстық мәслихатының депутаты, өңірлік ҚХА «Жомарт жан» орталығының басшысы, облыстық «Ахыска» түріктер этномәдени бірлестігінің облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жалил Аббосов және жастар қатысты.
Жиын «Өндірістік-сауда «LL» компания ЖК-нің директоры Латиф Айдаровтың қонақтарға кәсіпорын жұмысын және ұжым қызметкерлерін таныстырумен басталды.
Кездесуде Асқарбек Ақылшаұлы мен Жалил Азимұлы ұжым қызметкерлірінің еңбегін жоғары бағалап, сәттілік тіледі.
Жүздесу соңында маслихат депутаты Жанат Бастаубаева кәсіпорын қызметкерлері Дінмұхаммед Сатыбалды, Анна Ожогова, Александр Айдаровқа облыстық мәслихаттың, Иван Свинцовқа Жалил Аббосов облыстық ҚХА алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарын табыстады.
Жиын соңы естелік суреттерге түсумен түйінделді.

«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТУДА

Өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясы жыл сайын дәстүрлі түрде Білім күніне орай, этномәдени бірлестіктердің демеушілігімен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізеді.
Кезекті игілікті іс ағымдағы жылдың 28 тамызында «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өтті.
Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов бастаған бірлестік белсенділері Примкул Нарзикулов, Рустам Султанходжаев, Лобара Аширова жалпы білім беретін мектептің 15-тен астам оқушыларына оқуға қажетті құрал-жабдықтарымен қоса мектеп формалары, аяқ қиімдер, сөмкелер табыстады.
Акциянын мақсаты- аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылы алдында әлеуметтік көмек көрсету болатын.
Аталмыш науқан алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 27 тамызында Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқушылармен шеберлік сағаты өтті.
Кездесуге Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Орыс этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Оксана Дьяченко, ҚХА жанынан құралған шеберлер клубының және «Қолөнер-Тараз» ҚБ мүшесі Ольга Хабарова арнайы келіп, қатысушыларға орыс халқының ұлттық қуыршақтарын жасаудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін үйретті.
Шебер өз сөзінде бұл қуыршақтарды жасауда орыс этносының өзіндік мәдени құндылығы бар екенін атап өтті.
Шеберлік сыныбы барысында күзде піскен дәнді дақылдармен (бидай, тары, қарақұмық, жүгері) толтырылған дорбалардан әйел бейнесіндегі қуыршақтар тігіліп, түрлі киім үлгілерімен безендірілді.
Орыс халқына сай ою-өрнектермен нақышталған жастықтар, қуыршақтар тігіп, қолөнердің сырлы әлемімен танысқан оқушылар жиын соңында шеберлерге алғыстарын айтып, естелік суреттерге түсті.

«БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ САРЫСУ АУДАНЫНДА

«Бейбітшілік пен келісім» жобасы – аймақтағы этнос өкілдері көп шоғырланған елді мекендердегі этносаралық келісімді нығайтуға және халықты толғандыратын мәселелерді анықтауға бағытталған.
Мемлекеттік саясатты түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру жобасы Сарысу ауданында өз жалғасын табуда. Аталмыш жоба аясында арнайы құрылған «Этносаралық және конфессияаралық келісім» тобы тұрғындарымен арнайы кездесті.
Аталмыш топ құрамында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева, Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті Әскерден тыс жұмыс және келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау тобының бастығы, лейтенант Ербол Бекмаханов және Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Ерлан Ермахаов бар.
Жұмыс тобы аудан орталығы Жаңатас қаласы және Арыстан, Саудакент ауылдарына барып, тұрғындар тілегіне құлақ түрді.
Кездесу барысында тұрғындарға Мубарак Қасымқызы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты XXXIV сессиясының шешімдерін іске асыру төңірегінде бірқатар мәселелер, аймақтық Ассамблеяның жобалары туралы айтылып, аудандық прокуратура қызметі тарапынан заңнамалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиын барысында «Манас» қырғыз этномәдени бірлестігінің жетекшісі Алтай Сатыбеков аудандағы этностардың тыныс-тіршілігінің жайымен бөлісіп, жүрек жарды өлеңінде арнады. Бұдан өзге этностардың түрлі тақырыптардағы мәселелері тыңдалып, шешу жолы қарастырылды.
Кездесу соңы жиынға қатысқан аудандағы бірлестік жетекшілер және белсенді өкілдерінің естелік суреттерге түсуімен түйінделді.

Page 1 of 173
1 2 3 173